98 жекеменшік ұйыммен келісімшарт жасалды

Среда, 30 Ноябрь 2022 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 489 раз

Биыл «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша 130 денсаулық сақтау субъектісімен (2 тоқсанда) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтердің сатып алу шартын түзді. Оның 98-і (75,4%) – жекеменшік денсаулық сақтау ұйымы.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін, МӘМС жүйесінде орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен өзге қалалық денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, медициналық қызметкерлер кәсіподағының және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған аймақтық комиссия жүргізді. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсету үшін 2022 жылға Шымкент қаласына келісімшартпен жасалған бюджеттік қаражат сомасы
93 272,13 млн. теңге.
2022 жылдың 1 қыркүйегіне медициналық қызмет көрсету үшін 130 медициналық ұйыммен ТМККК шеңберінде 52 254,90 млн. теңге сомасына шарт жасалды, ал МӘМС жүйесіндегі қаражат мөлшері 41 017,23 млн. теңге
Жалпы филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды. Егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарласа өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады. Бірақ бұл жерде қордың мүмкіндігі шектеулі.
Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен жолдайды.

С.ҚҰРАЛБЕК,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры,
С.А.ВОЛОВИЧ,
«Данара и К» ЖШС бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.