ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ Избранное

Среда, 14 Декабрь 2022 05:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 796 раз

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» конференциясы өтті. «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде өткен жиынға тіл жанашырлары, оқытушы-ғалымдар мен студенттер қатысты.

82

 

— Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, ертеңгі күннің кепілі. Тіл қандай кезеңде болса да болмысын жоғалтпауы тиіс. Біз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тіліміздің қолданыс аясын кеңейте отырып, оны дұрыс қолдануды өскелең ұрпаққа насихаттауымыз қажет. Бұл – әрбір тіл жанашырының парызы, - дейді Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Гүлзина Қуанышбекқызы.
Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің оқытушысы, доцент Н.Мұратбек, Ж.Тәшенов университеті филология кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Б.Қалыбеков баяндама жасады. Студенттер ғалымдармен тіл төңірегіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай тіл жанашырлары марапатталды.