Шымкент қаласы мәслихатының хабарландыруы

Пятница, 30 Декабрь 2022 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1065 раз

Шымкент қаласының мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан 1 орынның, №1 учаскелік сайлау комиссиясынан 1 орынның, №15 учаскелік сайлау комиссиясынан 4 орынның босауына және Шымкент қаласы Тұран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (7 бос орын), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі №6 және №7 сайлау округтері (10 бос орын), Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі №1-16 округтері (80 бос орын), қосымша 19 учаскелік сайлау комиссияларының (133 бос орын) құрылуына байланысты бос орындарға үміткерлер бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.

 

Конституциялық Заңның талабы негізінде әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар саяси партияның мүшелері болып табылмайтын үміткерлерді ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын тұлға Конституциялық Заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесіне үміткер осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау уақыты – 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 13 қаңтарды қоса алғанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс – сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы, 10.
Жауапты тұлға: Ақмарал Төреханқызы Алибекова, № 205 кабинет.
Байланыс нөмірі: 24-75-57, электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.