Коронавирусты емдеу туралы нені білу керек?

Пятница, 13 Январь 2023 06:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1016 раз

Елімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандар қатарының өсуі байқалды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады.

ПТР-тест

Егер Сіз суықтың, тұмаудың немесе пневмонияның белгілерін сезсеңіз, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыра аласыз. Мұны емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, басқаларға жұқтыру қаупін төндірмеу үшін Сіз емхананың тіркеу бөліміне немесе анықтама бөліміне қоңырау шалып, үйге мобильді топ шақыра аласыз. Бұл жағдайда зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі, өйткені бұл айналадағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық ауру. Яғни сақтандырылған болу міндетті емес.

Сондай-ақ, ПТР-тестілеу коронавирус анықталған пациентпен байланыста болған адамдарға жүргізіледі. Сонымен қатар, сүзгі кабинеті арқылы байланысуға немесе мобильді топты үйге шақыруға болады.

Шетелге шығуға мүмкіндік алу үшін ПТР азаматтың өз есебінен төленеді. Сондай-ақ, егер теріс ПТР бар сертификат қандай да бір ұйымға немесе жұмыс орнына бару үшін талап етілсе, онда тестілеу өз қаражаты есебінен немесе жұмыс берушілердің келісімі бойынша төленеді.

Мобильді бригадалар

Пациенттер айналасындағыларға қауіп төндірмеуі және ауру белгілері бар емханаға баруы, сондай-ақ үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін әрбір МСАК ұйымының жанынан COVID-19 бар науқастарды амбулаториялық бақылау бойынша мобильді бригадалар құрылды. Олар өз аумағындағы қоңырауларға қызмет көрсетеді, жұмыс уақыты – 8.00-ден 20.00-ге дейін. Егер пациент тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, оған 103 - ке көмек сұрап жүгіну қажет. 20.00-ден кейінгі қоңырауларға жедел жәрдем де қызмет көрсетеді.

КТ немесе рентген

Егер өкпеде қабыну процестерінің дамуына күдік болса, компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Диагностиканың бұл түрлері пациентке тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу кезінде тегін жүргізіледі. Сондықтан пневмония белгілері бар сақтандырылмаған науқастарға да көмек көрсетіледі.

Ауруханаға жатқызу денсаулық жағдайы үйде емделуге мүмкіндік бермейтін пациенттерге қажет, яғни сатурацияның төмен деңгейімен, ентігудің жоғарылауымен және өздігінен дем ала алмауымен, өкпенің зақымдануының жоғары деңгейімен байланысты жүргізіледі. Сатурацияның бірдей төмендеуімен екі науқаста ауруханаға жатқызудың әртүрлі көрсеткіштері болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Сондықтан емдеуге жатқызу үшін ПТР-дің оң нәтижесі жеткіліксіз.

С. Құралбек,
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры»
Шымкент қаласы бойынша
филиалының директоры  

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.