Шымкент қалалық № 4 емханасының бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Карабалина Д.А. өз сөзінде, 2022 жылдын 1 қаңтарынына бастап желтоқсан асына дейін № 4 қалалық емханасында МӘМС - пакеті бойынша 270 – науқасқа, ал ТМКК-нің жаңа моделі бойынша 32 - науқасқа ота жасалып сәтті өткен.
Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында пациент А.Ұ.С. Шымкент қаласының тұрғыны : Өз тарихын айта келе, өткен жылы күз айларында тұрмысқа шығып, бала көтеруді жоспарлап жүрген. Шымкент тұрғыны аты - жөнін ашпауды жөн көрді, бұл түсінікті, себебі әрбір емдеу процесі үшін жеке іс. Қыз екі ай шамасында өзін әлсіз сезініп және тәбеті жоқ екенін айтып шағымданып келген болатын. Шымкент қалалық № 4 емхана қызметкерлері қысқа мерзімде барлық қажетті талдауларды, құжаттарды жинауға, порталға тұруға көмектесті, дейді қыз. УЗИ нәтижесі бойынша түрлі талдаулар мен тексерулер барысында дәрігерлер пациенттен бауырында эхинакок құрты пайда болғанын анықтады. Бұл кез келген адамды қорқытып толғандыруы мүмкін, біздің кейіпкеріміз де ерекше болмады, бірақ дәрігерлер бұл жағдайда жедел шаралар қабылдап, ота сәтті өтті. Бұл сәттер мен үшін өмірдегі қиын кезеңдердің бірі болды, бірақ дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында оларды жеңе алдым деп еске алып, Шымкент қалалық № 4 емхана дәрігерлеріне көрсетілген көмектері үшін ризашылығын білдірді.
МӘМС шеңберінде емдеу мүлдем тегін жүргізілді. Қазір қыз өзін жақсы сезінеді, отадан кейін жүргізілген талдаулар оң нәтиже көрсетті, үш айдан кейін УЗИ-ды бақылау керек, бірақ бұл тек қажетті сақтық. Жалпы қыздың айтуынша, ағза толығымен қалпына келтірілгеннен кейін, ол армандаған жоспарын іске асыруға жоспарлап отыр. Бұл жерде сақтандырылған пациент ретінде бұл медициналық қызмет тегін көрсетіледі.
Жыл басынан осыған ұқсас тағдырлар бойынша, біздің емханамызға азаматтар емделуге келіп жатады.
Карабалина Дина Абдрашитқызы.
№ 4 емханасының бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары