15 санатқа жататын азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысуышылары болады

Понедельник, 13 Февраль 2023 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 284 раз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қантарынын бастап еңгізіліп, өз жұмыс жасауда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында мемелкеттін қарауындағы 15 санаттағы азаматтар медициналық көмекке қол жеткізеді.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сәйкес мемлекет азаматтардың 15 санатына сақтандыру жарнасын аударуда, атап айтсақ: 1) балалар; 2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; 3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); 5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; 6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; 7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам; 8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; 9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар; 10) тергеу изоляторларындағы адамдар; 11) жұмыс істемейтін оралмандар; 12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар; 13) мүгедектер; 14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;15)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер.

Келесі медицналық қызмет түрлерін алады : 1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): -алғашқы медициналық-санитарлық көмек; - алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек; 2) амбулаторлық деңгейде дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; 3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): - жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді; - шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан; 4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді: 1) жедел медициналық жәрдем  [1]және санитарлық авиация; 2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді: - алғашқы медициналық-санитарлық көмек; - алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек; 3) стационарлық көмек: - әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; - шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;  4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек; 5) профилактикалық екпелер.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынын"

Шымкент қаласы бойынша

филиалының директоры                                           Құралбек С.Р.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.