Тапсырманың орындалуына 1 ай уақыт берді

Пятница, 05 Май 2023 03:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 695 раз

tapsyrma-oryndalu

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті бірыңғай қабылдауы қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Шаһар басшысының қабылдауына келген тұрғындар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін жеткізді.

Жиналған көпшілік көбінесе тұрғын үй кезегі, жер және жол мәселесі, жұмыссыздыққа қатысты толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис тұрғындарының мәселесіне орай тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, оның оңтайлы орындалуына 1 ай көлемінде уақыт берді.

Сондай-ақ, бірыңғай қабылдауда әрбір тұрғынның қойған жеке сауалына сала мамандары жауап беріп, келісілген мерзімде көтерілген мәселелердің жедел шешімін табуын назарға алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.