МӘМС жүйесіндегі 2023 жылғы төлемдер туралы

Понедельник, 22 Май 2023 10:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 644 раз

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.

 

Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін - жалақының 3%-ы мөлшерінде, бірақ 10 ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақыдан) немесе 21 мың теңге артық емес.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер - табысының 2%-ы, бірақ 10 ЕТЖ-дан немесе 14 мың теңгеден артық емес.
Жеке кәсіпкерлер ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңгені құрады. Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.
Дербес төлеушілер 1 ЕТЖ-ның 5%-ы немесе 3 500 теңге. 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін мемлекет төлейді.

N6 қалалық емхананың бас дәрігері Қылышбаева Айгүл Орынбасаровна

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.