Құндылықтар ұлықталды Избранное

Среда, 14 Июнь 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 773 раз

Өткен аптада Абай саябағында татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сабантой» дәстүрі атап өтілді. Бұл — түркі халықтарында, әсіресе, татар-башқұрт ұлттарының дәстүрлі басқосуы.

703

Сабантой ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде тойланады. Онда күрес, ат жарыс сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды. Ұлттық киім киген жастар ана тілінде ән айтып, би билейді. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетеді.
Саябақта өткен «Сабантой» да осы дәстүрлердің ізін жалғады. Мерекелік іс-шараға Татар Республикасынан да қонақтар қатысып, арнайы құттықтауын жеткізді. Этномәдени бірлестіктің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетумен қатар, қолөнер туындыларын көрмеге қойып, тұрғындардың қызығушылығын оятты.
Жиын барысында белсенділер қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.