Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2022 жылғы 14 шілдеде бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің ең маңыздысы сол, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқаруына өтті. Аталған Кодекске сәйкес, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.
Бүгінде мемкорпорация — халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің бірден-бір провайдері. Демек, ұйым алдағы уақытта азаматтық хал актілерді тіркеу функциясын ары қарай пысықтайды. ҚР Үкімет тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес, Әділет органдарымен бірлесіп, 2008 жылға дейін тіркелген азаматтық хал актілерін цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізілген.
Цифрландыру жұмыстарының негізінде мемлекеттік қызметтер электронды форматта көрсетіліп келеді. Яғни, азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктері мен түрлі анықтамалар алу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, барлығы дерлік электронды түрде жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, электронды форматта тіркелген бірқатар куәліктердің қағаз нұсқасы алынып тасталды. Ал, қайтыс болу туралы акт жазбасы жүйеге автоматты түрде тіркеледі.Тіркеу аяқталған соң, қайтыс болу туралы хабарлама беріледі. Яғни, ертеректегідей қайтыс болу туралы куәлік берілмейді.
Д.БОТАН,
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің басшысы