Қайтарылатын активтер қоғамның бақылауында

Четверг, 13 Июль 2023 12:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 592 раз

saule

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды. Иә, бұл қазақстандық қоғам үшін жаңа қадам. Құрылып жатқан Жаңа Қазақстанның тың жаңалығы десек артық айтпағанымыз.

Бұл заңды қабылдау процесі бір күндік жұмыс емес екені мәлім. Оны бір-екі күн ішінде орындау да мүмкін емес. Заңсыз, жасырылған активтер елден шығарылғанымен, міне уақыт өз төрелігін жасап, қазынаны қайтаратын игілікті заң қабылданды. Қайтарылатын барлық активтерді Парламент, бүкіл халыққа есеп беретін мемлекет басқаруы шарт. Мұндай заң шетелдік тәжірибеде қолданылып, халықаралық стандарттарға сүйене отырып жасалған. Ел байлығын шетел асырғанымен жұмысты уәкілетті орган Бас прократура жүргізбек. Өз кезегінде тәркілеу процесі заңдастырылған алгоритм бойынша іске асады. Жаңадан түлеп отырған мемлекетімізде бірінші кезекте заң үстемдік еткендіктен қоғамдағы барлық іс-әрекеттер де құқық шеңберінде жүзеге асып отыр. Оның бір мысалы заңсыз активтерді елге қайтару болып тұр. Елдің олигархтары мен шенеуніктеріне сабақ болар әділдік орнату ісі уақытшалық науқан емес, бұл заң ашықтықты қамтамасыз етуші құжат. Аталған заң ірі көлемдегі жемқорларға, көлеңкелі бизнеспен байығандар мен табысынан мемлекеткен салық төлеуден жалтарған ықпалды кәсіпкерлерге қарсы қабылданған.

Елден тысқа шыққан активтерді қайтару ісінде өкілетті органдардың әділдігін қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен депутаттар, Үкімет мүшелерінен құралған арнайы комиссия бақылайды екен. Осының өзі атқарылып жатқан жұмыстың әділ әрі ашық болуын, жариялылығын қамтамасыз етеді. Өкілетті органның әр қадамынан халық та хабардар болып отырады.

Бұл жалпы мемлекеттің қаржысы. Халықтың, мемлекеттің байлығын өз пайдасы үшін сыртқа ұрлап әкеткендерге арналған бұл Заң мемлекеттің меншігіне деген көзқарасты өзгертіп қана қоймайды, бұл заң өз кезегінде ішкі байлықты халық игілігіне сауатты жұмсауға да сеп болады. Мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып, сыртқа әкеткендерге де мемлекеттің құрығы жететінін көрген халық билікке деген көзқарасы өзгеретіні сөзсіз. Халықтың ертеңгі күнге деген сенімі арта түссін дейміз!

Сәуле РЫСБАЕВА, 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының доценті,
саяси ғылымдар кандидаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.