Ел үшін игілікті құжат

Четверг, 13 Июль 2023 13:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 563 раз

baurzhan

Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару заңы ел үшін игілікті құжат. Жаңа Заңның Қазақстанның қоғамның қатынастарындағы мәні мен маңызы өте ерекше.

Халықаралық стандарттарға сай әзірленген Заңның тиімділігі сыртқа кеткен қыруар қаржымен қатар ел ішіндегі ірі нысандардың активтері, дүние-мүлкі пен төленбей қалған салықты қазынаға қайтаруды қарастырады. Аталған Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады. Яғни, елде жоғары саяси, мемлекеттік лауазымдарды атқарған шенеуніктер, олардың отбасы мүшелері, соның ішінде балалары, сондай-ақ, биліктегілермен байланысы болған олигархтардың дүние-мүлкі тексеріліп, олардың өз байлығын қаншалықты адал жиғаны анықталмақ.

Ең бастысы жаңа Заңның ерекшелігі Заң жұмыс істеп, заңсыз иемденген активтер мемлекетке қайтып, қайтқан дүние халықтың әл-ауқатын көтеруге, әлеуметтік мәселелерін шешуге, сонымен бірге жаңа тың жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болса, халықтың мемлекетке, елге деген сенімінің арттыруына сеп болмақ. Бұл халыққа, жалпы мемлекетімізге керек заң. Сонымен қатар, жаңа Заң олигополияға да қатысы бар, яғни бұрын-соңды билік тізгінін ұстаған, не квазимемлекеттік компанияларды басқарған тұлғаларды тексеруге жол ашады.

Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Тексеріске іліккен тұлға төл активтерін немесе оның бір бөлігін заңды жолмен сатып алғанын дәлелдеуі шарт. Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, адал жолмен табылғаны дәлелденбесе, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз заңсыз актив боп саналады.

Заңсыз активтерді қайтаруда тұлға оны өз еркімен мемлекетке тапсырады немесе сот арқылы тартып алынады. Заңсыз иемденгендердің тізімі жабық болғанымен, активтерді қайтару процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істейді. Бұл мәселелердің бәрі өте маңызды.

Қорыта айтқанда, бұл жаңа Заң еліміздің әрбір азаматына берері мол және оның мемлекетімізді одан әрі дамытып, өркендетуіне қосар септігі зор.

Бауыржан ӘЛТЕЕВ,
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.