Жерлеуге берілетін төлем мөлшері ұлғайды

Понедельник, 17 Июль 2023 05:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 470 раз

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қамтылған.

Мәселен, Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражатынан көп емес мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі.

 

 

 

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтінішті жерлеуді жүзеге асырған адамдар да бере алатын, ал төлем 52,4 еселенген АЕК-ке тең болды.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

БЖЗҚ-дан жерлеуге, мұрагерлерге берілетін төлемді алу тәртібі, мерзімі мен қажетті құжаттар тізбесі туралы БЖЗҚ сайтынан біле аласыздар.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.