АХАТ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Понедельник, 17 Июль 2023 04:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 470 раз

     «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (әрі қарай-Кодекс) 14 шілде 2022 жылы бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.

 

 

     Атап айтқанда, барлық тіркелген азаматтық хал актілерді өзектендіруге электронды түрде ЭЦҚ(электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Электронды Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.

     Егер тіркелген азаматтық хал актілер - неке қию, туу, неке бұзу, бала асырап алу, әкесі екендігін анықтау, атын өзгерту, қайтыс болу туралы мәліметтер болса немесе цифрлы құжаттар қате немесе болмаған жағдайда, электронды портал арқылы өзектендіруге өтінім беріледі. Тіркелген азаматтық хал актілердің мәліметтерін түзету бойынша өтінімге кіріп, қажеттісін таңдап, дұрыс мәліметтерін толықтырып, сканерленген куәлігін жүктеу қажет. Қызмет түрі төлем ақысыз көрсетіледі және арнайы тіркеуші органдарға баруды қажет етпей, бір жұмыс күнде көрсетіледі. Қызмет көрсетудің нәтижесі, «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде актуалды мәліметтер.

     Тиімділігі, уақытты қысқарту, қызметтерге қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қауіпін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.

А.КАДИРОВА,

Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.