"Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеме жарналардың кезең-кезеңімен өсіп отыруына байланысты азайды. Әлеуметтік кодекске сәйкес, жұмыс берушілер ЖМЗЖ-ны барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туғандар үшін төлейді. Сондықтан ЖМЗЖ есебінен төлемдерді 2038 жылы зейнетке шығатын қызметкерлер ғана ала бастайды", - деп түсіндірді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов.
Қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы керек.
ЖМЗЖ-ны "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған жұмыс беруші-салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7%; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5%; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1%; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4%; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19% болмақ.
ЖМЗЖ-ны БЖЗҚ-ға жұмыс берушілер (салық агенттері ретінде) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы ЖМЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, төлейтін болады.
Айта кетейік, жеке жинақтаушы зейнетақы жүйесінен айырмашылығы, ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары шартты-жинақтаушы болып есептеледі, яғни ол қызметкердің меншігі болып табылмайды. Сондықтан ол мұраға берілмейді, зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін сақтандыру компаниясына және/немесе салымшының таңдауы бойынша сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ға аударылмайды, сондай-ақ, оған зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қолданылмайды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).