БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп берді

Понедельник, 17 Июль 2023 05:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 570 раз

2023 жылғы 1 маусымға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 846,7 млрд теңгеболды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағыБЖЗҚ зейнетақы активтері15 833,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,08 млрд теңге.

 

 

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

           2023 жылғы 1 маусымға зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 46,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,72%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 5,68%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,70%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,38%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,10%.

           Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мынадай сипатқа ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,95%, АҚШ долларында – 29,01%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 564,07 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 28,53 млрд теңге, өзге кірістер – 2,09 млрд теңге болды. Бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау 86,2 млрд теңге мөлшерінде шығын әкелді.

           Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2023 жылғы мамырдағы жалпы табыс оң болды.

           Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылдың басынан бастап 508,06 млрд.теңгеге жетті.

           БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі инфляция 4,80% мөлшерінде болған кезінде 3,13% көрсетті.

           Бұл ретте 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда (2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы мамырға дейін) 11,39% болды.

           Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.

     ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 9,08 млрд теңге.

           01.06.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,87 млрд теңге болды.

           Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 37,58%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 33,5%, ҚРҰБ ноттары – 11,67%; шет мемлекеттердің МБҚ - портфельдің 9,20%. Атап кетейік, портфельдің 57,13% теңгемен; 42,87% - АҚШ долларымен ұсынылған.

           Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 187,94 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,23%.

           "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

           01.06.2023 ж.жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,53 млрд теңге.

         Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 36,13%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,29%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 14,86%; МҚҰ облигациялары – 10,7%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,95%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,69%, АҚШ долларымен 22,31% құрады.

         Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 177,65 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,52%.

         "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

         "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,43 млрд теңге.

         Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – 33,61%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,01%; РЕПО – 9,98 %, МҚҰ облигациялары – 6,38%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,68%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 4,42%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,36%, АҚШ долларымен – 22,64% инвестицияланды.

               Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 83,63 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 5,30%.

               "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

           "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 972,75 млн теңге.

           Активтердің 59,13%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 18,83%; Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 9,58%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,36%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,75%, АҚШ долларымен   22,25% инвестицияланды.

           Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 43,52 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,09%.

           "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 267,90 млн теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 69,10%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,25%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,52%, МҚҰ – 6,50%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,89%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 96,73%, евро валютасында 3,27% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 10,99 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,68%.

"Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.