Астанаға саяхат жасады Избранное

Среда, 19 Июль 2023 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 795 раз

Жуырда «Экология, өлкетану және туризм» орталығында үйірмеге қатысатын 46 білім алушы Астана қаласына саяхаттап қайтты. Танымдық экскурсияның мақсаты – туристік өлкетану бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, жас өскіндерді Астана қаласымен таныстыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

634

 

Экскурсия тобы алдымен ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартатын, ірі бірегей музей кешені, тоғыз қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұратын, экспозициялық алаңы 14 залды алып жатқан ҚР Ұлттық музейіне экскурсия жасады. Ұлттық музейдің «Астана», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасыр тарихы», «Тарих», «Этнография», «Қазіргі заманғы өнер» залдарын аралады. Сондай-ақ онда «Балалар музейі», «Балалар шығармашылығы орталығы», «Екі көрме залы», «Қалпына келтіру шеберханасы», «Оқу залы бар ғылыми кітапхана», мәжіліс залы мен кәдесый дүңгіршектеріне арналған үй-жайларында болды.
1997 жылы астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуінің символы ретінде тұрғызылған биіктігі 97 метр «Байтерек» мұнарасына балалар экскурсия жасап, биік мұнараларынан қаланы тамашалады.
«EXPO-2017» көрмесінің тағы бір қайталанбас нысаны – еліміздегі болашақ энергияның тұңғыш технологиялық мұражайындағы «Нұр Әлем» сферасына экскурсия барысында «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Ғарыш энергиясы», «Биомасса энергиясы», «Су энергиясы», «Кинетикалық энергия», «Ұлттық павильон» және «Болашақ Астана» кешендерімен танысты.
Есіл өзені бойымен 18,8 шақырымды 45 минутта теплоход арқылы саяхат жасау кезінде өзеннің толқынымен самал желмен тыныс алып, өзен жағалауындағы қаланың көркем көріністерін тамашалады. Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталған, биіктігі 150 метр болатын, ішкі көлемі 110 мың шаршы метр, 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған «Хан Шатыр» — Астана қаласында ойын-сауық және сауда-саттық орталығында серуендеп, ойын-сауық қызықтарын тамашалады.
Өлкетану бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған экскурсия өз мақсатына жетті. Шәкірттер танымдық экскурсиялар барысында жоғарыда көрсетілген нысандар мен орындар туралы мағлұмат алып, өз білімдерін жетілдірді.

Аягөз ҚАНСЕЙТОВА,
«Өлкетану-экскурсия» бөлімінің педагог-
ұйымдастырушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.