ЖАҢА МОДЕЛЬ БОЙЫНША 4500-ГЕ ЖУЫҚ ПАЦИЕНТКЕ ЕМ ЖҮРГІЗІЛДІ

Среда, 19 Июль 2023 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 507 раз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығыың мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Шымкент қалалық онкологиялық орталығында 2023 жылдың қаңтарынан 1 шілдесіне дейін МӘМС пакеті бойынша – 216 пациент, ал ТМКК-нің жаңа моделі бойынша – 4478 пациент емделді.
Атап айтқанда, әлеумфеттік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында пациент, Шымкент қаласының тұрғыны Т.И.Г (аты -жөнін толық атаудан бас тартты) орталыққа жүгінді. Пациенттің ағзасында жалпы әлсіздік, салмақ тастау, іштің төмен тұсының ауырсынуы, гормондық бұзылыстар пайда болған. Онкологиялық орталықтың жоғары тәжірбелі онкогинеколог –дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Б.Орманов барлық қажетті талдауларды және КТ, онкоцитология нәтижесі бойынша түрлі талдаулар мен тексерулер барысында дәрігер пациенттен диагнозын анықтады. Науқасқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ота жасалынды. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы, ол медициналық ұйымның білікті дәрігерлеріне ризашылығын білдірді.
Атап өтсек, МӘМС шеңберінде Шымкент қалалық онкологиялық орталығында емдеу тегін жүргізіледі.

Жақсылық МАУЛЕНОВ,
Шымкент қалалық онкология орталығының директоры

Ахмет БЕДЕН,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.