Егер тіркелген азаматтық хал актілер – неке қию, туу, неке бұзу, бала асырап алу, әкесі екендігін анықтау, атын өзгерту, қайтыс болу туралы мәліметтерді және цифрлы құжаттардағы қателіктерді өзектендіруге өтінімді электронды портал арқылы беріледі. Мәселен, тіркелген азаматтық хал актілердің мәліметтерін түзету бойынша өтінімге кіріп, қажеттісін таңдап, дұрыс мәліметтерін толықтырып, сканерленген куәлігін жүктеу қажет. Қызмет түрі төлемақысыз көрсетіледі және арнайы тіркеуші органдарға баруды қажет етпейді. Қызмет бір жұмыс күнде көрсетіледі. Қызмет көрсетудің нәтижесімен «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде актуалды мәліметтерден танысуға болады.
Аталған қызметтің электронды жүйеге өтуі – барлық азаматар үшін тиімді, уақытты үнемдейді, қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетіп, алаяқтардан сақтайды. Сонымен қатар, құзыретті органдардың жүктемесі мен құжаттарды жоғалту қауіпін азайтады, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуі мен статистика жүргізуді жеңілдетті.
А.КАДИРОВА,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы