СЫРТТА ПОЛИЦЕЙ, ҮЙДЕ ҮЛГІЛІ ӘКЕ Избранное

Пятница, 28 Июль 2023 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 849 раз

Қазіргі таңда өз кәсібіне адалдық танытып, еліне аянбай қызмет етіп жүрген мамандар аз емес. Еліміздің ішкі істер органы саласында жауапты қызмет атқарып жүрген азаматтардың бірі – Мейірхан Алғыбаев.

662

 

Мейірхан Бекболатұлы 1978 жылы ОҚО Мақтарал ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2008 жылы полицей лауазымынан бастап, қазіргі таңда взвод командирі лауазымында қызмет аткаруда. Жұбайы екеуі 3 ұл, 3 қызды тарбиелеп отырған үлгі тұтар әке.
Қазір Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында взвод командирі лауазымында. Антына адал полицей өз қызметіне әрдайым жауаптылықпен қарап, көпшілікке үлгі көрсетіп келеді.
Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп сақшысы үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилік болуы міндетті.
– Полиция қызметкерлерінің басты ұстанымы – берген антына берік болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да төзе білу. Ал бұл кез-келгеннін қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігінді түзеуден тұрады. Біз осы салаға бар күш-жігерімізді салып, еліміздің дамуына үлес қосуға әрдайым дайынбыз, – дейді білікті маман.
Қазақстан полициясының қуаты жылдан-жылға арта түсуде. Ішкі істер органы қызметінде жаңа реформалар, мамандардың біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Мейірхан Бекболатұлы осындай жауапты кезеңде қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті күзетуде қырағалық танытып жүрген абыройлы азамат.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.