ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 28 Июль 2023 04:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 704 раз

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков «Мейірім» оңалту орталығында болды. Басқарма басшысы орталықтағы проблемалы мәселелерді шешу жолын қарастырып, мекемеде ем алып жатқан ерекше балалардың жағдайымен танысты.

661

 

Қаланың бас дәрігері орталықты аралау кезінде ем алып жатқан балалардың ата-аналарымен кездесіп, жағдайларын сұрады. Басқарма басшысымен кездесу кезінде емделушілер мәселелерін ортаға салды. Пациенттерден түскен өтініштер бойынша басқарма басшысы медициналық көмек көрсету үшін жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Айта кетейік, биыл аталған орталықта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нақтырақ айтқанда, орталықтағы қабылдау бөлімі мен дәліздердің едені жаңартылып, емделушілер үшін қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ басқарма басшысы оңалту орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша салаға жауаптыларға бірқатар тапсырмалар беріп, ұсыныс енгізуді тапсырды.
«Мейірім» оңалту орталығы 130 төсек орынға арналған емдеу мекемесі. Мұнда 3 және 18 жас аралығындағы соматикалық және неврологиялық аурумен есепте тұратын балалар оңалтудан өтеді. Бұл үшін орталықта физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру бөлімі, парафин кабинеті, электр тогымен ұйықтау, монтессори, сенсорлы бөлмелер жұмыс істейді. Жыл сайын орталықта 2400 бала медициналық оңалту емін алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.