ЖРВИ ЖӘНЕ ТҰМАУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Понедельник, 25 Сентябрь 2023 11:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 556 раз

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.

Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2023 жылдың 8 айында 76875 ЖРВИ тіркеліп, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (22046 жағдай) аурушаңдық 3,2 есеге жоғарылаған. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 61,7%.

Өткен эпид.кезеңде (2022 жылғы қазан айы мен 2023 жылғы сәуір айы аралығында) тұмаудың нақтыланған 93 жағдайы тіркелді, тұмаудың А түрі басым болды. Қалада тұмаудан басқа вирустар да таралуда. Басқа тұмаусыз инфекцияларға 244 сынама тексерілді, оның ішінде 77 сынамада (31,5%) оң нәтиже анықталды, риновирус –28, аденовирус – 3, коронавирус - 6, метапневмовирус-2, РС вирус-13, парагрипп - 25.

Қалада 2022-2023 жылдың эпидемиологиялық кезеңінде мектеп оқушылары арасында ЖРВИ мен тұмаудан топтық аурушаңдық тіркелмеген.

2023 жылы эпидемиологиялық маусым 01-қазаннан 2024 жылдың 30-сәуір аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы және эпидемиологиялық ахуалдың өршитін кезі.    

Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың 12,6% жететін «Гриппол» вакцинасы (Ресей өндіруші) алынды. Ағымдағы мерзімде тұмауға қарсы егу ҚР БМСД 11.09.2023 жылғы «Тұмау және ЖРВИ жөніндегі 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» №6 қаулысының талабына сай осы жылдың 01-қазан айынан бастап бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде салынады.

ЖРВИ/тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру.

ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.

ЖРВИ/тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу.

Тұмауға қарсы халықтың келесідей осал топтары егіледі:

- медицина қызметкерлері;
- медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;
- ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен сәбилер үйлерінің балалары;
- қарттар үйлерінің контингенттері;
- 2,3 триместрдегі жүкті әйелдер;
- эпидемиологиялық көрсетіліммен.

Сонымен қатар, тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен дені сау кезінде тегін жүргізіледі.

Сонымен қатар, тұмау, ЖРВИ, ТҰА, АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде және COVID-19-дың клиникалық белгілерімен медициналық ұйымдарға (МАСК, стационарлар) жүгінген пациенттер мен РҚТБ-ге АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерді тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың және COVID-19-дың вирустарына зертханалық тексерулер жүргізіледі.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

Шымкент қаласының СЭБД басшы орынбасары
Тұрымбетова А

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.