ТАЗАЛЫҚ – САУЛЫҚ НЕГІЗІ Избранное

Среда, 11 Октябрь 2023 04:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 667 раз

«Таза қала өзіңнен басталады» акциясына қатысушылар Бадам өзенінің бойын тазалады

Дана халқымыз «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаған. Тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі ретінде қарап түсінуіміз қажет. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі.

601

 

Ол жан-жақты адам өмірін, болашағын, имандылығы мен адамгершілігі сияқты кісі ғұмырына тән көптеген тармақтарды қамтиды. Сондай-ақ, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау – тұтас қоғамның да мәдени деңгейінің көрсеткіші.
Осы орайда Шымкент қаласында «Таза қала өзіңнен басталады» атты акция басталды. Өткен сенбі күні акция аясында алғашқы жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте Шымкент қаласы Абай ауданына қарасы Жаңаталап елі мекенінің тұсынан ағып өтетін Бадам өзенінің жағалауы тазаланды.

600


Тазалық шарасына шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков бастап қала әкімі аппаратының, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сонымен қатар Бадам өзенінің жағалауын тазалауға Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Алтынтөбе елді мекендерінің тұрғындары да атсалысты.
Сенбілікке жиылғандар өзен сағасын күл-қоқыстан тазартып, арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарды. Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманқұловтың айтуынша, бүгін сенбілік ұйымдастырылып жатқан Бадам өзенінің жағалауына алдағы уақытта ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуі жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасып, осындай ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.