Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты

Среда, 20 Декабрь 2023 10:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 415 раз

Сыбайлас жемқорлық–бүгінімізде белең алып жатқан, ауқымды мәселелерміздің бірі. Қай қоғамда болмасын жемқорлық іс-әрекеттері болып жатады және бар. Бұл бағытта тиісті жұмысты жүргізу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін тиісті шараларды қабылдауда.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметінің 70% – ы парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, ал 30%-ы жазалау шараларына бағытталған. Соның өзінде жемқорлық аклтілерінің болуы азайған емес. Неге? Себебі тек заңмен мәселені шеше алмаймыз. Оған қоғам да, оның ішіндегі адамдар да,яғни біз атсалысуымыз қажет. Сана қалыптастыру ең бірінші отбасындағы, оқу орнындағы тәрбиеден басталады. Адамға бала күнінен жемқорлыққа төзбеушілік, парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді бойына сіңіру керек. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. Жемқорлықты кішігірім оқиғалары балабақша мен мектептерде орын алуы мүмкін. Баланың нашар баға сынақшамен жабу немесе емтихансыз үздік мектепке түсу және тағысын тағы. Сондықтан ата-ана сондай кезде, баланың өз білімі қандай дәрежеде бағаланады, соған көндігуді, өз білімімен оқуға түсу керектігін, жалпы білімнің маңыздылығын түсіндірсе, жемқорлық іс-әрекеттері азая түседі. Баланың сана сезімінде жемқорлыққа тиым салынады. Екіншіден, орта білім беретін ұйымдарда, ЖОО «Антикорлық сауаттылық» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы пән оқытылуы. Ол пәнде сыбайлас жемқорлықтың зияны, оған тағайындалатын жазалар жәнет.б. тақырыптар оқытылып, болашақ ұрпақтың сана сезіміне жемқорлықтың кесірін, қауіпін ұғындыруына көмек беререді. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлық актілері орыналған жағдайға куә болған (дәлелімен) адам сенім телефондарына хабарласа, оған сыйақы тағайындау немесе азық –түлікті тегін алуына болатын сертификат берілуі және мұны заң жүзінде енгізу. Сонымен қоса, жемқорлықтан жапа шегіп, оны жария етуге қорқатын адамдарға арналған арнайы қосымшаның жасалуы. Ондай қосымшаның бар болған күннің өзінде оған өтінім берген адамдардың қауіпсіздікті екеніне 100% кепілдіктің болуы. Осы арқылы қаншама жемқорлық іс-әрекеттерін ашуға болатын мүмкіндік туар еді. Төртіншіден, 9 желтоқсан– халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні, түрлі іс-шаралар өту. Ол іс-шараларды жай бір сарынды өтпей түрлі форматта: дөңгелек үстел, бейнеролик марафоны, жарыс түрлерінде және т.б. өткізу. Әр теледидар, әлеуметтік желілерді пайдаланып, жемқорлық жайлы ақпараттар берілсе, қоғам мен халық санасына сәл де болсын жемқорлыққа қарсы ой қалыптасады.Тексерісті қатаңдату,есепті адам емес түрлі техникалардың есептеп, бөлуі, жұмыстарды көбейту, әр мемлекеттік және жеке мекемелердің жұмысы мен жұмысшыларын тексеру, болашақ мамандардың біліміне қатаң түрде қарау,жұмыстарын жүргізу де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады. Сыбайлас жемқорлық мәселені шешудің тиімді тәсілі болғанымен, ауыр қылмыс.Мәселе туындағанда, оны басқада қырларынан қарап шешуге тырысыңыз. Шешілмейтін мәселе болмайды. Адам өзін тәрбиелеуші және білімді адам ешқашан ақшаның көмегіне жүгінбеуге тырысады. Адам өзгермей қоғам өзгермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді және қоғамдық заңды мінез-құлыққа үйрететін отбасындағы ата-ананың да тәрбиесін бағалаумауға болмайды, себебі баланы тәрбиелеу ең бірінші отбасынан бастау алады. Отбасында өскелең ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлу керек, өйткені барлығы баланың отбасында қандай тәрбие алатынына байланысты,оның ішінде құқықтық мәдениеті де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетте бар. Ата-аналардың негізгі міндеті баланы өткен дәстүрді құрметтеуге және барынша қоғамға пайдалы риясыз қызмет етуге тәрбиелеу болып табылады. Өкінішке орай, қазіргі Қазақстан жағдайында көп ата-аналар азаматтық ұстаным мен құқықтық сауатсыздығынын әсерінен өздерінің күнделікті өмірлік мәселелелерін заңсыз жолмен шешуге тырысады, оның салдары болашақ ұрпаққа кері әсерін тигізеді.

Қорытындылай келе, биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдістерінің бірі жас ұрпақпен ата-ана және қоғам болып құрылымдалған ағартушылық жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Сәйфі Қасымхан Ердесбайұлы,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің “Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлім”
филиалының мемлекеттік сот орындаушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.