«БАЙЛЫҚ - БАЙЛЫҚ ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ» Избранное

Среда, 13 Март 2024 05:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 213 раз

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында екі күн бойы қатарынан «Денсаулық — өмір негізі» көрме-жәрмеңкесі өтті. Онда жанға дауа, дертке шипа іздеген жандар үшін табиғи емдік қасиеті мол өнімдер қойылып, шипажайлар мен медициналық орталықтар өз қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ келушілер отандық косметикалық өнімдермен де танысты.

korme

 

Көрме-жәрмеңкеге қаладағы медицина орталықтары мен емдік табиғи өнім өндіруші 61 компания қатысты. Олар адам ағзасын жақсартуға арналған медициналық құрылғылар мен өнімдерді келушілерге кеңінен таныстырды. Ал, шипажайлар өз қызметтерін насихаттады.
Кәсіпкерлер үшін мұндай іс-шараның пайдасы көп. Бұл олардың өнімдерін не қызметтерін тұтынушылар санының артуына үлкен мүмкіндік береді.
Көрмені тамашалаушыларды өңірден шығатын емдік және косметикалық өнімдер көбірек қызықтырды.Салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін пайдалы тағамдар, массаж аппараттары, сұлулық, медициналық, табиғи емдік өнімдер, биологиялық белсенді қоспалар жеңілдікпен сатылып, кейбірі әлемдік озық технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, түрлі аппараттарда ем қабылдап та көрді.Кәсіпкерлер қала тұрғындары мен қонақтарына өз компанияларының атынан 50 пайыз жеңілдікпен емдеу, сауықтыру орталықтарының сертификаттарын ұсынды, өз өнімдерін сыйлап, ұтыс ойындарын өткізді.
Салауаты өмір салтын негіздейтін көрме-жәрмеңке жетінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биылғы көрмеге көршілес Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының да кәсіпкерлері қатысты.
Отандық өнімді қолдау, жергілікті кәсіпкерлерді елге таныстыру мақсатында өткен іс-шараның бергені мол болды.

Өзипа АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.