Көз – адамның айнасы

Пятница, 05 Апрель 2024 07:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 289 раз

Азаматтар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында түрлі ем-шаралар алып, күрделі ота жасатуға да мүмкіндік алып отыр.

 

Түркістан облыстық офтальмологиялық аурухананың №1 микрохирургия бөлімшесіне 1967 жылғы А есімді науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жоспарлы түрде жатқызылды. Ол оң көзінің мүлдем көрмейтінін, ал сол көзінің көру өткірлігі күрт төмендеп кеткеніне шағымданды. Науқастың айтуынша 2001 жылдан бері қант диабеті ауруымен диспансерлік есепке алынған. Облыстық ауруханаға дейінгі 6 ай ішінде оң көзінің көрмей, сол көзінің көру өткірлігі күрт төмендеуіне байланысты Алматы, Шымкент қалаларындағы жеке клиникаларда тексеруден өтіп, ем қабылдаған. Алайда, ем нәтиже бермеген.
Науқасқа 2024 жылдың ақпан айында облыстық офтальмологиялық аурухананың №1 микрохирургия бөлімшесінде оң көздің неовоскулярлы IV(С) глаукомасы және сол көздің неовоскулярлы III(С) глаукомасы диагнозы қойылды. Осы диагноздарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сол көзге синустрабекулоэктомия + импланттық дренаж операциясы жасалды.
Науқастың бөлімшеге түскен кездегі көру өткірлігі өте төмен, көз ішілік қысымы жоғары болған. Күрделі операциядан соң науқастың көру өткірлігі жақсарып, көз ішіліқ қысымы қалыпқа түсті. Операция барысында да, операциядан соң да асқынулар болған жоқ. Науқас халі жақсарған соң ауруханаданшығарылып, амбулаторлық емге жолданды. Әрбір сақтандырылған азамат дерті асқынбай тұрып, тиісті дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, ем алғаны жөн. Аурудың алдын алу – сапалы өмір кепілі.

Е.ШЫНТЕРЕКОВ,
Түркістан облыстық офтальмологиялық
ауруханасының І санатты дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.