ЖАЙЫҚТЫҢ БОЙЫНДА 40 ШАҚЫРЫМ БӨГЕТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Пятница, 12 Апрель 2024 05:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 295 раз

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының қаупі сейілмей тұр.

 

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда қауіп төніп тұрған облыс орталығы және Жайық өзені бойында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 90-ға жуық елді мекенінде су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Күні бүгін ұзындығы 43 километрдей болатын биіктігі 1-2,5 метр бөгеттер тұрғызылып жатыр. Аталған жұмыстарға 250-ден астам техника мен 2,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда», - деді Қ. Айтмұхамбетов.
«Қазгидромет» РМК БҚО филалының 11 сәуір сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында тәулігіне 10 сантиметрге жоғарылады. Сөйтіп 728 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті. Сондай-ақ Январцев гидробекетінде 787 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 688 (+13, 850 см) және Тайпақта 410 (+20, 850 см) сантиметрге жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 700-ден астам саяжай үйлерін су басқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Батыс Қазақстанда мамандар сібір жарасы көмінділерін тексерді.


kaz.inform.kz

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.