БЕЙБІТШІЛІК – ЕЛ ТІРЕГІ

Пятница, 03 Май 2024 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 262 раз

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

 

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
Достық пен ынтымақ бар жерде береке, ырыс болары айдан анық. Қазақстанның басты байлығының бірі – бейбітшілігінде. Бір тудың астында жүздеген этнос өкілдері татулық пен бірлекте өмір сүріп жатыр. Ел тұрғындарының күнделікті үреймен емес, қуанышпен оянып, келешекке нық қадам жасауы – ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығы, бейбітшілік пен татулықтың жемісі. Ел бейбітшілігі баянды болғай!

М.МҰСАБЕКОВА,
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 5-бөлімшенің
консультанты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.