Әскерге қызығушылық мектептен басталады Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 229 раз

Шымкентте «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және технологиялық оқыту» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Asker

 

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-стратегиялық зертеулер орталығы» Орталық әскери ғылыми-зерттеу институтының бас сарапшысы, отставкадағы полковник Айдар Кикимов, Шымкент қаласы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Тимур Бидайбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының консультанты подполковник Ринат Төлепбергенов, С.Рахимов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің 20 курсанты, білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мен «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері – жалпы 300-ге жуық адам қатысты.
Ғылыми конференция пленарлық сессия және секциялық отырыс болып екі бағытта өткізілді. Фойеде Халық Қаһарманы ардагер, тұңғыш армия генералы, ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы және ҰОС ардагері Рақымжан Кошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арнап дарынды оқушылардың қатысуымен сурет салу көрмесі мен әскери қару-жарақ пен әскери киім үлгілері ұйымдастырылды.
Пленарлық сессия мәжіліс залында басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қызметкерлері, қарулы күштердің ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағалары, білім беру ұйымдары мен күш құрылымдарының күш-жігерін оқыту, тәрбие процесінде және жастарды әскери қызметке дайындауда біріктіру, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу туралы баяндалды.
Конференция барысында оқушылар сарайының дарынды оқушыларының қатысуымен театрланған қойылым қойылып, патриоттық әндер шырқалды.

Рахима ЖОЛДАСОВА
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің 4-курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.