ШЫМКЕНТТЕ IT HUB АШУҒА МҮМКІНДІК МОЛ Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 261 раз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен насихаттап, өңірлерде дамыту міндетін қойған болатын. Өңірлік хабтар ұйымдастыру, аймақтарда IT-саланың дамуына жол ашады.

ITTT

 

Осыған орай, қаламыздағы Көрме орталығында «Google Devoloper Groups» тақырыбында ІТ конференция өтті.
Коференцияға мегаполистегі стартап жобалары бар жоғары оқу орындары, сала бойынша білім алып жатқан студенттер, жалпы ІТ саласы қызықтыратын көпшілік қатысты.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 30-ға жуық ірі IT компания жұмыс істейді.
– Цифрландыру дегеніміз тек интернеттің сапасы емес. Ол ауқымды жоба. Шымкенттің даму деңгейінің көрінісі. Өңірлік ІТ саласын дамытуға ықпал ету, ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе, білім және идеялар алмасу үшін конференцияның маңызы зор. Сонымен қатар, ІТ мамандарын, жоба әзірлеушілерді, кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді біріктіру мен цифрландыру саласына қызығушылығы бар жастарға бағыт-бағдар беру де басты мақсатымыз. Алдағы уақытта стартап жобасы барларға, мобильді қосымша, ойын ойлап шығарамын дегендерге инвесторлар тартып, қаржы құю да жоспарда бар. Осыған орай басқарма Шымкент қаласында осы жылы цифрлық трансформация саласы бойынша «Astana Hub»-тың Шымкент қаласындағы филиалын, яғни, «Shymkent Hub» орталығын ашуды көздеп отыр,– дейді Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.
Конференцияда Тolem taxi өнімінің өкілдері өз өнімдерін таныстырды. Өңірдегі көліктік саланы цифрландыру жүйесі бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Тolem taxi – Қазақстаннның жетекші ІТ мамандары құрған отандық такси қызметі. Баяндамашының айтуы бойынша өнімнің жүргізушілер мен жолаушыларға ұсынатын жеңілдіктері мен артықшылықтары көп екен. Қазір такси жүргізушілерінен пайыздық өтем ақының жоғарылығына шағым көп. Төлем компаниясы ұсынып отырған өнім бұл мәселені оңтайлы шешеді деп сенеміз.
Сонымен бірге, басқа да түрлі мобильді қосымшалар мен автоматты басқару бойынша тәжірибелік сабақтар тыңдалды.

Мерей СӘРСЕНБЕК,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің 4-курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.