Пестицидтермен жұмыс істей білейік!

Среда, 12 Июнь 2024 06:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 294 раз

Көктем келсе, шаруалардың жұмысы қыза түседі. Осыған орай, әр дақылдың зиянкестері мен ауруларына қарсы улы химикаттарды қолданады. Сондықтан улы химикаттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары жөнінде мәлімет бергенді жөн көрдік.

 

Жеміс ағаштарын зиянды организмдерден қорғауда ең тиімді әдіс – химиялық тәсіл. Осы тәсілді қолданып, өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғауға қолданылатын химиялық заттардың арасынан тиімділігі жоғары, адам денсаулығына, қоршаған ортаға зияны төмен және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген улы химикаттарды, дәрілерді таңдап алу қажет. Улы химикаттарды қолдану кезінде төмендегі қауіпсіздік іс-шараларын сақтаған дұрыс:
- Улы химикаттарды сатып алған кезде оның сипаты, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және залалсыздандыру, нақты улы химикатпен қауіпсіз жұмыс істеу жөнінде қауіпсіздік паспорты болуы тиіс;
- Улы химикаттармен жұмысты жүргізу кезінде, қауіпсіздік шаралары туралы алдын ала көршілеріне хабар беру керек;
- Улы химикаттарды пайдалану регламентіне (жұмсау нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту мерзімдері, ұсынылған жеке қорғаныс құралдарын қолдану) сәйкес жүзеге асырылады;
- Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде жұмыс орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, тамақ ішуге жол берілмейді.
- Өсімдіктерді пестицидтермен (улы химикаттармен) тозаңдатуды және бүріктіруді таңғы және кешкі сағаттарда, пестицидтердің (улы химикаттардың) ең төмен жұмсау нормарсымен, желдің жылдамдығы 3 м/с аспаған кезінде жүргізуге болады;
- Улы химикаттарды қолданған кезде барлық құдықтар, ұңғымалар және ауызсу су құбырларының көздері берік жабылуы қажет;
- Улы химикаттарды бала-бақша, спорттық сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сату кәсіпорындары аумағында қолдануға жол берілмейді;
- Сақтауға арналған арнайы орындардан тыс жерде, жұмыс орындарында пайдаланылмаған улы химикаттарды қалдыруға жол берілмейді.
- Улы химикаттарды қолдану кезінде қателік болған жағдайда, улы химикаттардың қалдық мөлшерінің болуына талдау зерттеулері жүргізілгенге дейін, ауыл шаруашылығы өнімін сату тоқтатылады;
- Улы химикаттардың құрамы белгіленген ең көп рұқсат етілетін деңгейден артық өнімді, халыққа сату жол берілмейді;
- Азық-түлік запастары немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған жем-шөп салынған қоймаларда, кеміргіштермен күресу кезінде сусымалы (оның ішінде дәндік) уландырылған еліктіргіштерді ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері мен жем-шөптердің жақын маңына салуға жол берілмейді.

А.ӘМІРӘЛІ,
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы бойынша аумақтық
инспекциясының бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.