АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Среда, 12 Июнь 2024 06:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 380 раз

Көп жағдайда газдан улану көмір немесе газ пештерді, қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды.

 

Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен танып қалады. Концентрация 1,2% асқанда 2-3 тыныс алған адам есінен танып, кемінде 3 минуттан сөң өлімге әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса, оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет. Мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып, жасанды дем беру қажет. Ең бастысы, «Жедел жәрдем» қызметін шақыруды ұмытпаған абзал. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.
Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін қол орамал немесе дәке арқылы тыныс алу керек.
Улану белгілері:
а) жеңіл дәрежеде:
– бастың ауырлық сезімі мен пульстың болуы;
– бас пен маңдайдағы ауырсыну (бастың шеңбер тәрізді ауырсынуы), көздің қарауытуы және жыпылықтауы;
– терінің қызаруы, жүрек соғысы, діріл, әлсіздік, жүрек айну, құсу.
б) неғұрлым ауыр дәрежеде:
– бұлшықет әлсіздігі, импульстің жоғарылауы, үстірт тыныс алу, бас айналу;
– шатасқан сана, ұйқышылдық, естің жоғалуы;
– бетінде цианоз пайда болуы мүмкін.
Улану кезіндегі алғашқы көмек:
– таза ауаға шығарып, басының артқы жағына жастықша қою;
– киімді шешіңіз және көкіректі ашу;
– ыстық тәтті шай немесе кофе ішкізу;
– бет пен кеудені салқындату (суық су, салқындатылған шүберек, мұз немесе қар);
Улы газбен улануды немесе жай ғана оның үй-жайда болуын көрсететін белгілер анықталған жағдайда 103 немесе 112 нөмірлерінге хабарласып, кәсіби мамандардың көмегіне жүгініңіз.

Ә.ОМАРХАН,
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» (Астана қаласы) ММ-нің Шымкент қаласы бойынша филиалының «Қазығұрт» трассалық медициналық құтқару пунктінің фельдшері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.