ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Среда, 12 Июнь 2024 06:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 321 раз

Орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің №2 кітапхана бөлімшесінде «Тарихы терең, тағзымы биік ескерткіштер» атты танымдық кеш өткізілді.

olke-10

 

«Шежірелі өлке» үйірмесі аясында өткен жиын жас ұрпақты тарихи құндылықтармен таныстырып, ескерткіштер мен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға №75 мектеп-гимназияның 4-6 сынып оқушылары мен үйірме мүшелері қатысты.
Ескерткіштер – ұлттық тарихы мен мәдениетінің құнды жәдігерлері. Әр елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралауға мүмкіндік беретін маңызды құрал.
Іс-шара барысында оқырмандар өлкемізде аңыз болып тараған киелі орындар мен мәдени ескерткіштер – Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Домалақ ана кесенесі жайлы қызықты аңыз деректермен танысты. Туған жер туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер оқып, ән-жырдан шашу шашты. Іс-шара соңында «Тағзымы биік ескерткіштер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ақмарал ДҮЙСЕНБЕКОВА,
ОБКЖ- нің №2 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.