АВТОМАТТЫ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАЛИЗАТОР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Среда, 12 Июнь 2024 06:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 352 раз

Шымкенттегі ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында мамыр айынан бастап Жапонияда өндірілген «Sysmex» фирмасының «XN-330» автоматты гематологиялық анализаторы іске қосылды.

 

Аталмыш анализатор – адам қанының сынамаларын in vitro зертханалық жағдайларда диагностикалауға арналған толығымен автоматтандырылған гематологиялық талдағыш. Халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкес.
Анализатор сағатына 30 сынамаға талдай алады. Сынама нәтижесі 2 минутта шығады. Сондай-ақ сапаны бақылау мүмкіндіктері қарастырылған, параметрлердің ауытқулары туралы ақпараттық хабарламалардың индикаторы бар.
Бұл анализатор жалпы қан талдауының 20 параметрі бойынша (гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер, лимфоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы) кеңейтілген түрде нәтиже шығарады. Анализаторда стандартқа сай бақылау қаны қойылатын артықшылығы болғандықтан, қан талдау нәтижесі қатесіз, дәл шығады. Осы анализатор арқылы АИТВ жұқтырған науқастардың қаны тексеріледі. Қан талдауының нәтижесі дәрігерлерге ем қалай жүріп жатқанын анықтауға көмектеседі.
ЖИТС орталығында сынама талдау, емдеу тегін жүргізіледі.

А.ОРАЗБАЕВА,
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының зертхана маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.