АЭС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫНА ЖЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТ МҮМКІНДІК

Понедельник, 30 Сентябрь 2024 09:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 186 раз

cd3504248a20a4a2efe62da2a745a0ccҚазіргі таңда заман дамыған, әлем үлкен өзгеріс үстінде. Жастардың ойы озық, ұшқыр. Жаңашылдықты, жасампаздықты талап етеді. Бір сөзбен айтқанда құндылықтар мен талаптар жаңаша. Жаһандық өзгерістер мен даму ағымында қатар жүру үшін біздің мемлекет те шешуші қадамдарға бет бұруы қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың экономикалық және энергетикалық қажеттілігін атап өтіп, елде тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

Қазақстанға әлемдегі басқа елдер сияқты таза энергия қажет. Осы саладағы ең тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциялары. Оның бірнеше тиімді тұстарын айтып кетсек болады. Біріншіден, Қазақстанда электр энергиясының тұрақты көзі ретінде АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Екіншіден, атом энергиясы үлкен көлемдегі энергияны үздіксіз өндіре алатындықтан, энергия импортына тәуелділікті азайтады.

АЭС көмір немесе табиғи газ сияқты қазбалы отындарды пайдаланбайды, яғни атмосфераға зиянды газдар шығармайды. Бұл парниктік газдарды азайтуға және климаттық өзгерістермен күресуге көмектеседі. АЭС ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімді. Бір рет салынған станция ондаған жылдар бойы тұрақты түрде энергия өндіре алады. Уранның аз мөлшерімен көп энергия өндіріледі, ал Қазақстан уран қоры бойынша әлемде бірінші орында тұр, бұл отынның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Осы тұста көпшілік неге күн немесе жел энергиясын пайдаланбаса деген пікір айтады. Бірақ мамандар ондай энергия көздері тұрақсыз дейді. Күн және жел сияқты жаңартылатын энергия көздері ауытқымалы сипатта болады, яғни олар тұрақты түрде электр энергиясын өндіре алмайды. АЭС жаңартылатын энергия көздерін толықтыратын тұрақты энергия көзі болуы мүмкін.

АЭС Қазақстанның энергетикалық, экономикалық және экологиялық мақсаттарына жету үшін қажет мүмкіндік деп білемін. Ол елдің тұрақты және экологиялық таза энергия көзіне көшуіне ықпал етіп, энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді.

 

Әбдез РАХМАНҰЛЫ
AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.