Профилактикалық жұмыстар өз нәтижесін беруде

Понедельник, 30 Сентябрь 2024 09:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 191 раз

Бүгінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтардың алдын-алуға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық беруде.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен 2024 жылдың 1-жартыжылдығының өзінде жүргізілген профилактикалық жұмыстардың қорытындыларымен жалпы 135 қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.

Атап айтқанда, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдермен бірлесе жүргізілген мониторинг нәтижесімен 89 қызметшіге тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етіліп, олардың құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді, талдау нәтижелерімен жалпы 64 бұзушылық анықталып, жүргізілген талдау қорытындыларымен 22 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді, 830 000 теңге негізсіз берілген сыйақының өз еркімен бюжетке қайтарылуы қамтамасыз етілді, қызметшілерге төленбей қалған 81 000 теңге көлеміндегі іссапар шығындарының төленуі қамтамасыз етілді, тексеру және профилактикалық бақылау қорытындыларымен 163 бұзушылық анықталып, 24 қызметшінің құқығы қорғалды. Бұдан бөлек, 2024 жылдың 3-тоқсанында жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесімен қосымша 41 қызметшіге тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етілген.

Профилактикалық жұмыстар, сонымен бірге Агенттікпен бекітілген Мемлекеттік қызмешілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспары аясында жүргізілуде.

Осы ретте, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және қызмет көрсету бағытындағы заңнамадағы өзгерістер бойынша Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия төрағалары мен мүшелеріне ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ай сайын тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың тек 3-тоқсанының өзінде ғана қадамдық жоспар бойынша Департаментпен «Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік орган басшылығын лауазымға тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігі, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру және тәртіптік практикасының мәселелері тақырыбындағы тәжірибелік семинар-тренингтер, «Құтты білік» жобасы аясында Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне кәсіби дағдыларды дамыту бойынша мастер-класс, «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының жұмысының нәтижелері туралы жиын, «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» қызметінің нәтижелері туралы жиын өткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметшінің атқаратын қызметінің аса маңыздылығы мен оған ерекше жауапкершілік жүктелетінін айқындайды.

Осы орайда, мемлекеттік қызметшілердің өз еріктерімен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы көңіл қуантады. Айта кету қажет, 2023 жылдан бастап Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге Департаменттің ұйымдастыруымен еріктілермен жалпы 20-ға жуық іс-шара өткізілген.

Шымкент қаласында өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы, тиімді, адал түрде атқарып, жұмысының тиімділігі мен сапасын жақсарту арқылы өз міндеттерін орындауға деген ынта мен қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетіп жүрген адал, әділ, кәсіби қызметшілер жетерлік.

Бұл тұста, ағымдағы жылдың 3-тоқсанында лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындаған, атап айтқанда Қазақстан Республикасы аумағынан заңсыз контрабандалық тауарлардың өтуіне тосқауыл қойған Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Д.Байтелиевпен және Атырау обылысында су тасқынына байланысы жарияланған төтенше жағдай барысында су тасқын алдын-алу жұмысына белсене қатысқан Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы бөлімінің бас маманы Д.Бекмұратпен арнайы кездесу өткізілді.

Адамгершілік пен адалдықты, еңбекқорлық пен мейірімділікті, ұлтжандылық пен отаншылдықты бәрінен жоғары қоятын және өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы және кәсіби түрде атқаратын мемлекеттік қызметшілер әрдайым мақтауға және қадірленуге лайық.

Аянай Раева,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы
бойынша департаменті басшысының
орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.