«КЕРБЕЗ КЕЛІНДЕР» КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Среда, 02 Октябрь 2024 04:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 67 раз

«Күлкі өмірді ұзартады» дейді ғалымдар. Бірақ сол күлкінің астарында әлеуметтік немесе саяси  мәселе жасырынып тұрады. Әртістердің де мақсаты осы. Күлкі арқылы күйбең тіршіліктің қалтарысы мен бұлтарысын көрсету.

 

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры ұсынған «Кербез келіндер» комедиясында дәл бүгінгі күннің өзекті мәселесі көрініс тапқан. Театрдың XVII жаңа маусымының шымылдығы осылай астарлы әзілмен ашылды. Маусымның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы келді. Сондай-ақ, қаламыздың құрметті азаматтары да бұл жиында бой көрсетті.
Жалпы, қоғамда орын алған өзекті мәселенің бірі жасы 30-дан асса да қыз-жігіттердің шаңырақ көтеруге асықпауы. Сүр бойдақтар кейде ата-анасының зейнетақыларына күн көреді. Дәл осы қойылымда бұл жағдайды әдемі жеткізген. Үш ұлының да шаңырақ көтеруін күтетін Шайми қарт пен Әйшай әжейдің оқиғасы қалың көпшілікті күлкіге қарық қылып, ойға жетеледі.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.