ҚАРТЫ БАР ЕЛ - ҚАЗЫНАЛЫ Избранное

Среда, 02 Октябрь 2024 04:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 114 раз

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы және «Шымкент славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Іс-шарада қала ардагерлері өнер көрсетіп, өз үлестерін қосты.

kart

 

Сондай-ақ, Шымкент қаласының славян этномәдени орталығының өкілдері, «Оңтүстік Қазақстан облысының «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестігі, «Ардагер», «Светоч» хорлары, кітапхана ардагерлері қатысты.
А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасындағы шарада өзге ұлт өкілдері қазақтың әнін шырқап, қазақ халқының ұлттық мәдениетін көрерменге паш етті. Ән, би арқылы қазақ еліне деген махаббатын жеткізді.
– Шараның мақсаты қарттарға алғыс айту, құрмет көрсету, өнерлерін дәріптеу. Үлкен кісілердің қоғамның белді мүшелері ретінде еңбек жолдарын жастарға үлгі ету. «Қарты бар елдің – қазынасы бар» деп бекер айтпаған ғой. Бұл жасқа келіп, сахнада өнер көрсету көптің қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан, тек қарттар күнінде ғана емес, бұл ардагерлер мереке сайын ән шырқайды, би де билейді. Осы кеште де «Ардагер», «Светоч» хорлары өз репертуарындағы әндерді көрерменге тарту етті, – дейді «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова.
Кеш соңынан қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Г. АМАНБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.