Шымкенттік мектеп оқушылары арасында дәстүрлі спартакиада өтті

Пятница, 22 Май 2015 07:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4580 раз

Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында спорттық сайыстан дәстүрлі спартакиада аяқталды. 2014-2015 жылғы оқу жылында ұйымдастырылған спартакиада спорттың 11 түрінен өткізілді.

0000555 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі қаламыздағы №87 орта мектебінің спорт алаңшасында өттіҚалалық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған спорттық шараға шаһардағы жалпы білім беретін 125 мектептің оқушылары қатысты. Спорттық додада 1-11 сынып аралығындағы барша оқушылар бақ сынады.

Олар спорттың футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, президенттік тест, гандбол және жеңіл атлетика түрлері бойынша жарысқа қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте №41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінің командасы жеңімпаз атанып, 1 орынды жеңіп алды. Жүлделі 2 орынға №66 Қазығұрт атындағы жалпы орта мектебінің командасы лайық болса, №42 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің командасы жүлделі 3 орыннан көрінді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар, бағалы сыйлықтар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Последнее изменение Пятница, 22 Май 2015 07:31
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.