Шымкентте 8 шақырымдық балалар темір жолы іске қосылды

Понедельник, 01 Июнь 2015 10:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 10672 раз
11204958 1403012326693043 3857104502633288972 nБүгін Шымкентте балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін «Тұлпар» балалар темір жолы локомотиві ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Балалар темір жолы 1979 жылы сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаровтың тікелей басқаруымен салынған. Жол ұзындығы – 8 шақырымға жуық. Бір нүктеден екінші нүктеге жету, шынайы темір жол нысандарына ұқсас болу жағынан бұл темір жолға тең келер нысан елімізде жоқ. Биыл балалар темір жолын қайта жаңғыртып, іске қосып отыр. Әрине, бүгінгі күн балалар темір жолының жолағы составтың жүруіне жарамды, ал локомотив пен вагондар сәбилер тасымалына қабілетті болғанымен, алдағы уақытта семафорларды жаңғырту, жолдың екі жағындағы қорған зонасын тазарту, рельстер мен шпалдарды түгелімен тексеруден өткізіп, жарамсыздарын ауыстыру, жетпей тұрған нысандарды салу сияқты үлкен жұмыстар бар.
 
Бүгінгі таңда балалар темір жолын қалыпқа келтіріп, пайдалануға беру мәселесімен «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС айналысуда.
Последнее изменение Понедельник, 01 Июнь 2015 10:49
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.