Спартакиаданың алғашқы күнінде волейбол және жүзу спортынан мықтылар анықталды

Среда, 10 Июнь 2015 11:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5614 раз
20150610 135803Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында дәстүрлі спорттық ойындар спартакиадасы жалғасуда.
 
ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалы ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық доданың алғашқы күнінде бүгін БАҚ қызметкерлері волейбол және жүзу спортынан өзара сынға түсті.
 
Жүзу спорт кешенінде өткен бәсекеде ерлер арасында «Южный Казахстан» газетінің қызметкері М. Кузнецов топ жарды. Бұл сында 2-орынды «Сақ» киностудиясының қызметкері У. Бөрібеков иеленсе, жүлделі 3-орын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің өкілі Ж. Аманбаевқа бұйырды. Жүзу спорты бойынша қыздар арасында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Х. Кармен үздік болса, «Южный Казахстан» газетінің өкілі Л. Козорина 2-орынды, «Оңтүстік Қазақстан» газетінен А. Алтынбекова 3-орынды иемденді.
 
Сондай-ақ, осы күні волейболдан сайысқа түскен қыз-жігіттер өзара мықтыны анықтады. Өте тартысты өткен әуедоп бәсекесінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі командасы барлық қарсыластарын ұтып, чемпион атанды. Бұл сында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ойыншылары жүлделі 2-орынға жайғасса, «Әділет» газетінің командасы 3-орыннан көрінді.
 
Еске сала кетсек, ертең, яғни 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда спорттың екі түрінен ойындар өтеді. Атап айтсақ, 100 м. жүгіруден және ұзындыққа секіруден (8.00-де басталады), сонымен қатар, шахмат бәсекесінен (10.00-де басталады) сайыстар жоспарланған.
 
«Шымкент келбеті» 
Последнее изменение Четверг, 11 Июнь 2015 11:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.