Шағын көшелердің бойы жарықпен қамтамасыз етілді

Понедельник, 11 Январь 2016 08:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3179 раз

124Өткен жылдың соңында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қалаға қосылған елді мекендердің мәселелерімен танысу үшін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездескен болатын. Сонда тұрғындар Терешкова-Быковский көшесі бойын жарықтандыру мәселесін айтқан-ды.
Осыған орай шаҺар басшысы тез арада осы көше бойына электр жарығын тарту туралы тапсырма берген еді. Нәтижесінде қысқа уақыт ішінде аталған көшелерге жарық берілді. Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Есіркеповтың айтуынша, аталған көшедегі жарықтандыру жұмыстарына 9 665,2 мың теңге қаржы қаралған.

Ұзындығы - 1,968 метр. Жарық шам көзі - 68 дананы құраған. Еске сала кетсек, 2015 жылы Шымкент қаласы бойынша 21 орталық көшелерге түнгі жарықтандыру жүйелері орнатылып, пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құраған жарықтандыру жұмысына 165 051,8 мың теңге қаржы қаралған. Жарық шам көзі - 1119 дана.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.