Қаңтарда күн суытады Избранное

Среда, 13 Январь 2016 06:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6233 раз

Қыс айы басталғалы ауа райы жылы болды. Оңтүстікте жайма шуақ күндер сақталып, ауа температурасы 15-20 градусқа көтерілді. Биыл қыс бола ма, қар жауа ма деген сауал көпшіліктің көкейінде жүр. Алайда «Қазгидромет» РМК ОҚО филиалы Гидрометорталығының мамандары қыс айларының  жылдағыдан суық болатынын айтады.


 

DSC 0139

Ауа райын ұзақ мерзімге болжау бөлімінің мәлімдеуінше, қаңтар айының 14-нен бастап қар жауып, жауын-шашын түседі деп күтілуде. Күннің кезекті суытуы екінші онкүндіке және үшінші онкүндікте болады деп болжануда. Оңтүстікте ауа температурасы екінші
онкүндіктің жартысында түнде 15-20, кей жерлерде 25 градус аяз. Күндіз 10-15 градус аязға дейін төмендейді. Ауа температурасы түнде үшінші онкүндікте түнде 15-20 градусты көрсетсе, күндіз 5-10, кей жерлерде 15 градусқа дейін суытады. 

Алдын ала болжам бойынша еліміздің басым бөлігінде ақпан айы нағыз қыс айы болады. Қазақстан аймақтарында ай бойы суықтың үш толқыны күтіледі, бұл бірінші онкүндіктің ортасында, екінші және үшінші онкүндіктің бірінші жартысында болуы мүмкін. Термометр көрсеткіштері түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді.

Последнее изменение Среда, 13 Январь 2016 06:34
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.