Аялдамадағы карталар адастырмайды Избранное

Среда, 03 Февраль 2016 05:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4564 раз

Шымкентте ақпан айынан бастап аялдамаларға жол карталары орнатылды. Жаңа карталар алдымен Тәуке хан мен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аялдамасына ілінді.

karataМұнан соң Қазыбек би көшесі мен «Теріскей» аялдамаларына және әуежайға қойылды. «Диспетчерлік орталық» ЖШС-нің директоры Самат Батырұлының айтуынша, карта жолаушыларға жолсерік болып, қажетті аялдамаларға бағыт көрсетіп тұрады.
Бұл шымкенттіктер мен қонақтарға жол табуға көмектесетін құрал болып отыр. Жаңа карталар жолаушыларға ыңғайлы. Автобустар бағыты түрлі-түспен, әртүрлі белгілермен берілген.
– Картада белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетілді. Сондай-ақ барлық атаулар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылды, – дейді диспетчерлік орталықтың мамандары.
Алдағы уақытта жаңа карталар жолаушылары көп аялдамаларға да орнатылмақ.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.