«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Четверг, 15 Декабрь 2016 03:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4527 раз

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Соның бірі«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО»департаменті және ЖКжЖМТТ департаменті «Жылулық сыйлау»қайырымдылық акциясын өткізді.

kairymdilik aksia

 

Шымкент қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына барып, қыстық жылы киімдер табыстады.

Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, жүректерінен жылулық сезімін күтетін жандар қаншама... Жан жылуын қажет ететін жандарға жылу сыйлап, оларға қамқорлық жасау – әрбіріміздің адамдық борышымыз. Осы мақсатта«Жылулық сыйлау»атты қамқорлық акциясы өткізілді.

«ХҚКО»департамент директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, Қамқорлыққа мұқтаж әрбір жан бақытты болуға лайықты. Адам әр ісін шын жүректен, адал ниетпен, сергек сезіммен, ыстық ықыласпен бастап, саналы түрде қайырымдылыққа бағыттап отырса, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» 
коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.