Үшінші мегаполистегі волонтерлар Бадам блок-бекетінде тұрған полиция және медицина қызметкерлеріне түскі ас таратты.
Игі іс-шараға қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары атсалысып, «Hadya» мейрамханасы демеушілік етті.
Сын сағатта халыққа қалтықсыз қызмет етіп жүрген сала мамандарына алғысын білдірген «Hadya» кафесінің ресми өкілі Жүсіп Әбдірахманов барлық тамақтану орындарын осындай акцияға атсалысуға шақырды.
Айта кетейік, қалада індет жұқтырған 3 адам тіркелген. Ал сыртқы жолдарға орнатылған 18 санитарлық блок-бекетте полиция және медицина қызметкерлері тәуліктік режимде жұмыс істеуде.
Азамат ЖАППАР