294 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

Пятница, 14 Август 2020 04:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2154 раз

117728463 648757926056064 5885711935299867479 o

Шымкент қаласында карантин талаптарының сақталуына арнайы мониторинг жасап жүлген мобильді топ 294 заң бұзушылықты анықтады.

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Ералы Жұмаханбетовтің қатысуымен өткен брифингте қаладағы карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша сөз қозғалды.
– Атап айтсақ, ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 78, шаштараз, массаж, монша, сауна, әсімдік салондар бойынша – 19, сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 123 және басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) 74 факті анықталды. Бұдан бөлек қоғамдық тәртіпті сақтауға байланысты 139 құқық бұзушылық, онымен қоса 45 жеке тұлғаның көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды. Бұл заң бұзушылық жөніндегі іс-құжаттар Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, – деді Е.Жұмаханбетов.
Ералы Мұсаәліұлының айтуынша, қалада карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 1-бөлімімен 238 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 13 миллион 85 мың теңге айыппұл салынған.
Брифинг соңында Полиция департаментінің басшысы қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтап, індетке қарсы бірге күресуге шақырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.