Осыған орай, аталған режим мерзімінде елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты ҚАЖ мекемелерінің ішкі күнделікті жұмыс тәртібі уақытша өзгертілді. Мекемелердегі жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында ҚК-нің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың, сондай-ақ тергеуде қамауға алынғандардың құқықтарын жүзеге асыруда уақытша шектеу іс-шаралары жүргізілуде.
Азаматтардан барлық шектеу шаралары аяқталғанша қалыптасқан жағдайға сабырлықпен қарап, түсіністік танытуларын сұраймыз. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауды және ресми түсініктемеге ғана жүгіну қажеттігін хабарлаймыз. Мекемелерде ерекше жағдайлардың енгізілуіне байланысты берілмеген кездесу күндері сақталады және кейінірек беріледі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Теңізжан НҰРМАХАНҰЛЫ,
Шымкент қаласы ҚАЖ департаменті бастығы, əділет полковнигі