Туған тіл - тұғырымыз

Пятница, 18 Февраль 2022 09:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3788 раз

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудық, сақтаудың құралы.

 

Қазақ халқының тілі өте бай,айтылуға орамды, көркем тіл.Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл байлығын игеру - ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы меңгеру- әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді.

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: « Тіл байлығы- елдің елдігін, жүртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері» деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі –ұлттың тілі, діні. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да –тіл. Ол қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар.Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай.Тіл- ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры –баршамыздың қолымызда.

Тіл- қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбәр адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын. Халқымыз «Тіл жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады» деп жатады. Демек, тіл тазалығы өте маңызды мәселе. Ана сүтімен, ананың әлдиімен санаға ұялайтын тіл болғандықтан әрбір ұлт өз тілін «Ана тілім» деп атайды.

Біздің тіліміз –қазақ тілі, дана халқымыз сан ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, Ана тілі – қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етті.

Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, туған тіліміз-тұғырымыз, екенін ұмытпаған жөн. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала берсін.

Дина Азимова,

Шымкент қаласы Әділет департаменті

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы  

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.