Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ресми TEDx спикерлері болды

Четверг, 10 Март 2022 05:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3647 раз

eureka 2

Tedxyouth@Nisshymkent конференция спикерлерінің сөзі 34,2 млн жазылушысы бар TEDx Talks ресми youtube арнасынан жарияланды!

Спикер 10 «C» сынып оқушысы Дана Исағұлова адам мен жануарлардың байланысы қалай нығайтылғаны және адамдардың бұрын жануарларға деген қарым-қатынасы туралы әңгімеледі. Ал, Зиябек Нұрай дәл қазір жастар арасында да, ересектер арасында да тез танымал болып келе жатқан сленгпен танысудың уақыты келетінін жеткізді. Бұл туралы ол өз сөзінде айтты.               

Махамбетова Жансая өзін-өзі танудың маңыздылығы туралы және неге әрқашан өзіңе адал болып қалу қажеттігі туралы айтуды мақсат етті. Өзінің жеміс ұнтағын жасау тәжірибесін және оның денсаулығын жақсарту үшін қалай қолданылғанын сипаттаған Амангелді Құралай көрермендердің қызығушылығын оятты. Ал Асқар Әлжан өзінің гидропониканы қолдану тәжірибесі туралы: ол неге бұл әдісті қолданып көрді және қандай нәтижелерге қол жеткізгенін айтты. Абрек Бауыржан басымдық бере білу және бәрінің ойдағыдай болмауы — бұл басқа нәрсенің бастауы екенін түсіну маңызды екеніне көрерменнің көзін жеткізді.

Сондай – ақ конференцияның ерекше қонағы-спикер Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ағылшын тілі кафедрасының доценті Галина Иосифовна Абрамова болды. Өз сөзінде ол этникалық менталитеттің феномені ретінде және этностың тілдік санасының өзегін зерттеу құралы ретінде ассоциативті сөздіктерді Наталья Дмитрюкпен бірлесіп зерттеу туралы маңызды ақпарат береді.

eureka 1

Ұйымдастырушы Tedxyouth@Nisshymkent-ағылшын тілі мұғалімі Аликулова Ксения Николаевна, ол осы бірегей іс-шараны үшінші жыл Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.